Қазақстан сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйымды ұзартады

307

Шектеуді 14 қарашадан бастап енгізу ұсынылып отыр.

Қазақстан сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйымды ұзартады Фото: rznonline.ru

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газы, пропан және бутанды ел аумағынан 6 ай мерзімге әкетуге тыйым салу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жобаға сәйкес, тыйым аталған өнімдерді автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге қатысты болады.

Министрлік бұл шараны шектеу кезеңінде Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, жоба бұған дейін ведомствоаралық комиссия мақұлдаған тыйымның қолданылуын жалғастыруды көздейді. Құжатқа сәйкес, әзірлеушінің бағалауынша, бұйрықты қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға әкелмейді. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері әсерін тигізбейді.

Ұсынылып отырған шектеулер енгізілген күннен бастап 6 ай бойы қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу