Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталог таныстырылды

1411

Жинаққа енген туындылар халықаралық және республикалық деңгейдегі сарапшы мамандардың бағалауымен іріктеліп, таңдалған.

Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталог таныстырылды

Астана Ұлттық академиялық кітапханасында  Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Кітапқа "Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" жобасының аясында іріктелген 60 автор мен 180 туынды енді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолға алынған Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" кітабы жобасы отандық суретшілердің жұмысымен танысып қана қоймай, олардың еңбегін әлемдік деңгейде  насихаттау болып табылады. Бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш" делінген министр сөзін Мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент директоры Әбіл Жоламанов жеткізді.

Сондай-ақ, Әбіл Жоламанов қазіргі заманның үздік суретшілерін жинаған каталогты таныстырып, бұл жобаға шығармашылық қауымның қызығушылығы зор екендігін атап өтті.   

"Жинаққа енген туындылар халықаралық және республикалық деңгейдегі сарапшы мамандардың бағалауымен іріктеліп, таңдалған. Бастапқыда сарапшыларға 254 автордың 500-ден аса жұмысы ұсынылған. Солардың ішінде оза шапқан үздік 180 туынды кітапқа енгізілген", - деді өз сөзінде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Хазбулатов Андрей. 

Сарапшылар құрамында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры, өнертану кандидаты Ольга Батурина және өнертану кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы Мадина Сұлтанова сынды мамандар бар.

Мерекелік шараға қатысқан ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының вице-президенті Серкан Аязбаев "Бұл заманауи Қазақстан өнерін танимын деушілерге тамаша әдістеме болатындығына сенімдімін. Дала рухын тану үшін оның тілін білуден гөрі, мәдениеті мен адамдарының ішкі жан-дүниесін ұғу қажет", деп атап өтті. Сонымен қатар, белсене атсалысқан барлық өнер иелеріне сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу