Қазақстан сүт өнімдерін экспорттау үшін мемлекетаралық стандарт дайындамақ

701

2021 жылы Қазақстанда 606,8 мың тонна сүт, 27,2 мың тонна сары май және 13,5 мың тонна ірімшік өндірілді. 

Қазақстан сүт өнімдерін экспорттау үшін мемлекетаралық стандарт дайындамақ

Қазақстан сүт өнімдерін экспорттау үшін мемлекетаралық стандарт дайындамақ, деп жазады inbusiness.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 
 
ЕурАзЭҚ-таЕАЭО сүт өнімдерімен байланысты технологиялық процестердің қауіпсіздігі мен сапасы Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарымен регламенттеледі. Ол 2014 жылы күшіне енген.

Ақпаратта қоғамдастықтың техникалық регламенттеріндегі талаптарды сақтау үшін дәлелдемелік база қажет деп көрсетілген. 

"2022 жылдың екінші тоқсанында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 84 шешімімен 98 тақырыпты қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі өзектендірілген бағдарламаның қабылдануы болып табылады. Қазақстан Республикасы 19 мемлекетаралық стандарт әзірлеуді өз мойнына алды. Өнімге арналған 6 негіз қалаушы стандарт, оның екеуі Қырғызстан Республикасымен бірлесіп әзірленбек, сондай-ақ бақылау әдістеріне арналған 13 стандарт", – деп жазылған хабарламада.

Елімізге бекітілген бағдарламаны іске асыру 2024 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Қазақстан, сүт өнімдері, экспорт, мемлекетаралық стандарт

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу