Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 113-орында

2081

Еліміз былтырғы  жылмен салыстырғанда 11 саты көтерілген. 

Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 113-орында

Қазақстан 34 балл жинап, жемқорлықты қабылдау индексі бойынша әлемде 113 орынға жайғасты. Мұндай рейтингті Transparency International ұйымы жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Еліміз былтырғы  жылмен салыстырғанда 11 саты көтерілген. Біздің мемлекетпен қатар Филиппин, Замбия, Непал, Сальвадор және Свазиленд орналасқан. Transparency International ұйымының сарапшылары, мемлекеттердің жемқорлықты қабылдау индексін  0 ден 100-ге дейінгі аралықта есептеген. Онда ұпай саны неғұрлым аз болса, жемқорлықты қабылдау жоғары болып саналады. Мысалы 0 жемқорлық өршіп тұр дегенді білдірсе, 100 балл жемқорлық деңгейі төмен деген сөз. Ал, рейтингті жасау барысында сарапшылар елдегі саяси ашықтық, жемқорлық, сайлауға түскен топтардың қаржыландырылуы ескерілген.

 "Бұл сарапшылардың және бизнесмендердің пікірлерін өлшейтін индекс. Қазір көрсеткіштерді қарайтын болсақ алты баллға жақсарды біздің ахуал Қазақстанның және орынды алатын болсақ біз 133 орында болдық. Қазір 113. Бұл нәтижелер елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі азайып бара жатыр деп көрсетіп жатыр",– дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

ТМД елдері арасында соңғы жылы Грузия жақсы нәтиже көрсетіп, 44 орыннан көрінді.  Ірі державаларға келсек, АҚШ-та соңғы 8 жылдағы ең нашар көрсеткіш тіркелді. Америка Франциямен бір қатарда, яғни 23 сатыға орналасты. Ал, биылғы үздіктер қатарында Жаңа Зеландия, Дания және Финляндия  мемлекеттері жайғасқан.

Тізімнің соңында, яғни жемқорлық жайлаған деп Сирия, Оңтүстік Судан және Сомали мемлекеттері көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу