Сұхбат барысында Р.Т.Ердоған екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өз кезегінде Е.Көшербаев Түркия көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ықыласқа толы ниеттестігін жеткізіп, жоғары және биік деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.
Тараптар бауырластыққа және берік достыққа негізделген қазақ-түрік қатынастарын одан әрі нығайту жолдары мен әлеуетін талқылады. Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдарда, оның ішінде түркі интеграциясы шеңберінде өзара сенім мен қолдау рухындағы әрекеті, сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша қөзқарастарының ұқсастығы жоғары бағаланды.