Қазақстан сырттан ең көп мигранттар келетін ел атанды

2476

Қазақстан тұрғындарының арасында мигранттардың үлесі 20 пайыз. 

Қазақстан сырттан ең көп мигранттар келетін ел атанды

Қазақстан посткеңестік елдер арасында сырттан ең көп мигранттар келетін ел атанды. Бұл Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің жүргізген зерттеулері бойынша анықталған, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың ақпаратына сәйкес, Қазақстан тұрғындарының арасында мигранттардың үлесі 20 пайыз. Ал ең аз көрсеткіштер Грузия мен Әзірбайжанда тіркелген. 

Сондай-ақ, мекен ауыстырғысы келетіндердің 14,7 пайызы Эстонияда шоғырланған. Келесі кезекте Латвия, онда 13 пайыз. Ал Литваға келетін мигранттар саны небәрі 4 пайыз. Көрші Ресейдегі көші-қонның  үлесі 8 пайызға тең. Бұған дейін Дүниежүзілік банк өз есебінде Еуропа мен Орталық Азиядағы экономикалық өсу қарқыны бәсеңдейтінін атап өткен еді. Бұл демографиялық жағдайдың  нашарлауына әкелуі мүмкін. Ал, мигранттардың келуі осы мәселелерді шешуге көмектеседі дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу