Қазақстан тағы бір елмен қылмыскерлерді алмастыратын болды

146

Бас прокуратура Қазақстан тағы бір елмен қылмыскерлерді беру туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан тағы бір елмен қылмыскерлерді алмастыратын болды Фото: gov.kz

Бас прокурор Берік Асылов Марокко Корольдігіне жұмыс сапарымен барып, Марокконың әділет министрі Абдель Латиф Уахбимен келіссөз жасаған.

"Кездесудің нәтижесі қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық келісімдер жасау болды", – деп жазылған хабарламада.

Берік Асыловтың айтуынша, Марокко Корольдігімен мұндай келісімдерді жасау Қазақстан үшін өте маңызды, себебі географиялық орналасуына байланысты бұл ел – Гибралтар бұғазы арқылы Африканы Еуропамен байланыстыратын бағыт.

Бас прокурор 12 жыл бұрын Қазақстан Мароккоға жақын орналасқан Еуропалық мемлекет – Испания Корольдігімен осындай халықаралық шарттарға қол қойғанын еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу