Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек

445

Тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек Фото: Aleksblog.com

Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режим енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Марокко үкіметтері арасында визасыз режим енгізу туралы келісімге 2024 жылдың қыркүйегінде қол қойылған. Сыртқы істер министрлігі қажетті құжаттаманы әзірлеуге кірісті.

"Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан үкіметі мен Марокко Корольдігінің үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы" қаулы жобасын әзірлеуге кірісті", – делінген хабарламада.

Елдер арасында визасыз режим енгізу туралы шешім екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында қабылданды. Ол ұлттық азаматтық төлқұжаттары бар Қазақстан азаматтары мен Марокко Корольдігі азаматтарының тиісті елдерге тек туристік мақсатта кіруін жеңілдетеді.

Келісім бойынша олар келген күннен бастап 180 күндік кезең ішінде 30 күннен аспауы тиіс делінген. Сонымен қатар әр ел азаматтарының төлқұжаттары жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 ай жарамды болуы керек.

Айта кетерлігі, қазақстандықтар мен марокколықтар елге рұқсат етілген мерзімнен ұзағырақ іскерлік мақсатпен, жұмысқа орналасу немесе оқу үшін келуге ниет білдірген жағдайда әлі де виза қажет.

Сондай-ақ, Қазақстан үкіметінің қаулысының жобасында құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу