Онда Қазақстан Орталық Азиядағы ең әлеуеті жоғары ел атанды. Қазақстан былтырғымен салыстырғанда тізімде бір табан жоғарылап, 57-орынға тұрақтады.
Біздің елден кейін Өзбекстан тұр, Түркіменстан 77-ші, Қырғызстан 105-ші, Тәжікстан 108-ші қатарда. Ал әлемдік рейтингте АҚШ көш бастап тұр. Одан кейінгі орынға Ресей жайғасты, ал үздік үштікті Қытай қорытындылаған.
Global Firepower рейтингі бірнеше жылдан бері жарияланып келеді. Оның авторлары 145 елдің әскерлерін 50-ден астам параметрлер бойынша қарастырады: армия мен басқа да әскерилендірілген күштердің санынан бастап, оларды қаржыландырудан, мемлекеттердің географиясына дейін зерттейді. Әрине, бірінші кезекте әскери құрамдас бөлікке, әртүрлі қару-жарақпен жабдықтауға, белсенді әскерлер мен резервшілердің санына және т.б. назар аударылады.