Оның айтуынша, бұл өршіл мақсатқа қол жеткізуге толық мүмкіндік бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазірдің өзінде Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан прогрессивті мемлекет саналады. Тек өз жастарымыз ғана емес, көрші елдердің азаматтары да болашағын елімізбен байланыстыруды қалайды. Біз халықаралық аренадағы абырой-беделімізді нығайтып, таланттар, жаңашыл идеялар мен инновациялық технологиялар шоғырланатын елге айналуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Президент елімізде қабылданып жатқан әрбір шешім мен жасалып жатқан қадам тәуелсіздікті нығайтып, болашақты айқындайтынын атап өтті. Ол ұстаздармен бірге биліктің де ортақ мақсаты – өскелең ұрпақтың амандығы мен жарқын болашағы екенін жеткізді.
"Алдағы уақытта да мұғалім мәртебесін көтеру үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз", – деп түйіндеді Тоқаев.