Қазақстан тарапы Қытайдың Ақжарқын Тұрлыбайды беруін күтіп отыр

652

Бұл туралы адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстан тарапы Қытайдың Ақжарқын Тұрлыбайды беруін күтіп отыр

"2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол жылы Ростов тұрғыны Мария Дапирка Хошимин қаласында тұтқындалды.  Орталық Азияның аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы қыздарды нигериялық есірткі тобының құрбандары деп таныды, екеуі де сотталған және өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Қазақстанға тезірек ауысуын күтеміз", – деп жазды Нұрмағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 2015 жылы 15 маусымда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.  Бойжеткен 2014 жылдың 3 наурызында Гуанчжоу әуежайында есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу