"Қазақстан таратқан ақпарат қате": Қырғызстан қарсылық нотасын жіберді

6444

Отандық телеарналарда "белгісіз адамдардан ақша алып, митингке қатысқан" Қырғызстан азаматы туралы видео көрсетіліп жатыр. Көрші елдің билігі де, халқы да "бұл дұрыс ақпарат емес" дегенді айтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Қазақстан таратқан ақпарат қате": Қырғызстан қарсылық нотасын жіберді

9 қаңтарда сол елдің бір топ азаматы Қазақстанның Бішкектегі елшілігі алдында наразылық акциясын өткізді. 

"Қазақстанда тараған видеодағы адам Қырғызстанның белгілі джаз музыканты, пианист Викрам Рузахунов. Видеода жұмыссызбын дейді, олай емес. Ол музыкант, халықаралық фестивльдердің лауреаты, оны елдегі өнерпаздың көбі біледі. Ол Қырғызстандағы жиындарға да қатыспаған. Қазақстанға жиі концерт қоюға барады", – деді жиналғандар қырғызстандық журналистерге.

Елдің ішкі істер министрлігінің ақпарынша, Рузахунов Қазақстанға 2 қаңтарда "концерт қоюға" барған.

"Мемлекеттік органдар тарапынан ресми түрде Рузахуновтың "террорист еместігін" ресми түрде мәлімдейміз. Ол – қарапайым азамат, музыкант, тәртіпті адам. Таңертеңнен бері оны тексердік. Ол ешқандай тәртіпсіздіктерге, көшедегі шерулерге қатыспаған. Қазақстанның мемарналарында таратылған ақпарат қате. Тергеудің риторикасын өзгерту керек. Біздің азаматты терроризмге айыптау дұрыс емес", – деп мәлімдеген Қырғызстанның ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев.

9 қаңтарда Қырғызстан Ішкі істер министрі Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рапил Жошыбаевқа осы жайтқа байланысты қарсылық нотасын тапсырғаны хабарланды.

Айта кетейік, Қазақстан елдегі "жаппай бүлікті сырттан келген террористер істеді" деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу