Жобаға бірінші кезеңде 70 миллион доллар инвестиция құю көзделген. Ал 2030-шы жылға қарай бұл қаржы 300 миллион АҚШ долларына жетеді. Бастаманы отандық "PTC Holding"-тің еншілес компаниясы жүзеге асырады. ЗКТ: Бүгін Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның үкімет мүшелері мен ірі бизнес өкілдері бас қосты. Мақсат екі ел арасындағы іскерлік және экономикалық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру. Әсіресе логистика саласы басты назарда болып отыр.
"Бүгінгі таңда біз белсенді түрде жаңа логистикалық бағыттарды қарастырудамыз. Ең басты дәліз ол Солтүстік пен Оңтүстік. Дарбаза Мақтарал темір жолының құрылысы туралы шешім қабылданды. Ол Ташкенттегі желіге түсетін қысымды азайтады. Бұл Пәкістан мен Иранға сауда жолдарын ашуға жағдай жасайды. Қазір Өзбекстан, Ауғанстан мен Пәкістан арасында 3-жақты келісім бар. алдағы уақытта оған Қазақстан да қосылады, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Транзиттік жаңа бағыттарды дамытып, қос елдің кәсіпкерлеріне оңтайлы жағдай жасау үшін көлік-логистикалық терминал салынбақ. Ол әртүрлі жүктерді қабылдап жөнелтуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, контейнерлік жүктер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, контейнерлік пойыздарды жедел шоғырландыру бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, Орталық Азияда тірек көліктік-логистикалық орталық құруға жағдай жасамақ.
Бұл құжат қазақстандық бизнеске өз капиталын инвестициялау және қолданыстағы ағындарды ұстап тұру үшін таптырмас мүмкіндік. Оған қоса, кәсіпкерлер трансұлттық көліктік-логистикалық жобаларға тікелей қатыса алады. Атап айтқанда, Қытай мен Қырғызстан, Өзбекстанды қамтитын халықаралық көлік маршруты арқылы жүктерін тасымалдайды. Сондай-ақ, контейнерлік терминалдан пойыздарды жіберіп, Орталық Азия елдеріне оңтайлы әрі интеграцияланған бағыт ашпақ. Осы орайда Өзбекстанда Қазақстандық бизнеске қызығушылық артқан.
"Ташкентте жалпы сомасы 500 миллион долларға тең 20-ға жуық жоба іске асырылуда. Соңғы жылдары Өзбекстан мен Ташкент қаласында инвестициялық ахуалдың жақсаруы мен Қазақстан инвесторларының сенімінің артуының арқасында бұл көрсеткіш жылдам көбеюде. Ташкент пен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сауда айналымы маңызды рөл ойнайды. Бүгінде бұл көрсеткіш 2 миллиард долларға жетті", дейді Ташкент қаласы хокимінің орынбасары Шароф Рахманов.
PTC Holding-те көлік-логистикалық орталық арқылы Өзбекстанға 300 млн АҚШ долларына жуық қаржы тартпақ ниетте. Оған қоса біріншгі кезең 2023-2026 жылдары ақ 200-ден астам жұмыс орны құрылады.
Маржан Жұмабай