Қазақстан мен Сербия арасында халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім жасалып, Қазақстан тасымалдаушыларына Оңтүстік Еуропаға қатынау жеңілдей түсті, деп хабарлайды 24.kz.
Ал Сербия – "кәрі құрлықтың" Греция, Хорватия, Болгария сынды мемлекеттеріне бастайтын қақпа саналады. Қала берді Қазақстан мен Сербия арасындағы транзиттік тасымал да ұлғая түспек.
Өткен жылдың өзінде жолаушылар және жүк тасымалы 15 пайызға артып, 5 мың 400 тоннаға жетті. Бұл жөнінде бүгін мәжілістің пленарлы отырысында инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
"Негізгі тасымалданатын жүк – құрал-жабдық, қара және түсті металл, ағаш және одан жасалатын бұйымдар. Келісіммен екі ел арасында автомобиль қатынасын жүзеге асыру үшін құқық норма орнатылып, тасымал түрлерімен алмасу квотасын белгілеу тәртібі реттелген", – дейді министр.