Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуал бойынша Түркістанды келіссөз алаңы ретінде ұсынды

301

Қазақстан Сыртқы істер министрі Израиль Елшісін қабылдады. 

Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуал бойынша Түркістанды келіссөз алаңы ретінде ұсынды Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.

Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасты.

Өз кезегінде, Е.Көшербаев Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп,  бейбіт келіссөздер өткізу үшін Түркістан қаласын ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу