Қазақстан таза спортты қолдайды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Қазақстан таза спортты қолдайды Фото: Спорт және туризм министрлігі

Бұл туралы ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұдан былай Қазақстан Орталық Азия өңірінде таза спортты ілгерілетуде негізгі рөл атқармақ. 
Қол қою рәсімі Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті Витольд Банька қол қойған. 

Меморандум еліміздің таза спорт қағидаттарына берік екенін растай түседі. Сондай-ақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастықты дамыту және допингке қарсы саясатты жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.

– Біздің белсенді ынтымақтастығымыз өткен жылы Астанада Мемлекет басшысының жылы қабылдауынан бастау алды деп есептеймін. Допингке қарсы зерттеулердің дамуына көрсеткен қолдауы үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұлғасында Қазақстанға алғысымды білдіремін. Бұл келісім Қазақстанның өңірде таза спортты дамытудағы жетекші рөлінің нығайып келе жатқанын көрсетеді, – деді Витольд Банька.

Сондай-ақ, тараптар 2027 жылы Астанада WADA-ның Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады.

Ербол Мырзабосынов Қазақстанның адал бәсекелестік қағидаттарын ұдайы ұстанатынын және допингке қарсы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу