Қазақстан тәжік студенттері үшін берілетін білім гранттарының санын көбейтеді

656

Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді.

Қазақстан тәжік студенттері үшін берілетін білім гранттарының санын көбейтеді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту, оның ішінде, екі елдің мәдени күндерін өзара алмасып өткізу жайында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан тәжік студенттері үшін берілетін білім гранттарының санын көбейтеді. Бұл біздің жастарымызды одан сайын жақындата түседі. Ол біздің елдеріміз арасындағы шынайы достық қатынастардың сабақтастығын сақтауға ықпал етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, келіссөздер кезінде Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерге ерекше көңіл бөлінген.

Ауғанстандағы ахуал туралы айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік тарапына және оның басшылығына әлемдік күн тәртібіндегі өзекті проблема бойынша мазмұнды консультация бергені үшін ризашылығын білдірді.

"Қазақстан өңірдегі бейбітшілік пен тату көршілікті сақтау және өзара сенімді нығайту үшін бауырлас мемлекеттердің күш-жігерін біріктіруді қолдайды. Орталық Азия – экономикалық, көлік-транзиттік және адами әлеуеті мол, бірегей мүмкіндіктері мен ресурстары зор аумақ", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу