Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан СІМ басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

801

Тараптар бірқатар мәселені талқылады.  

Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан СІМ басшыларымен телефон арқылы сөйлесті Фото: ҚР СІМ

30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сұхбаттар барысында 2023 жылы екіжақты ынтымақтастықтың қорытындылары, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы диалог пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, сондай-ақ 2024 жылға арналған алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу