Қазақстан Тәжікстанға 128 миллион теңге береді

2962

Қазақстан Тәжікстанға 128 миллион теңге береді

Қазақстан Республикасы Тәжікстан Республикасына мазут сатып алуға 128 миллион 685,2 мың теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуді көздейді. Бұл туралы  "Әділет" ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтемемен 7kun.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес ҚР қорғаныс министрлігі мен ҚР аэроғарыш индустриясы министрлігіне ҚР үкіметінің авариялық резервінен Тәжікстанға 1 мың тонна мазут сатып алу үшін 128 685 200 теңге гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берілді. Бұл қаражат 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген.

Өз кезегінде, сыртқы істер министрлігіне ресми гуманитарлық көмек алушыны анықтау және оны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету, ал инвестициялар және даму министрлігіне жылжымалы құрамды тасымалдауды және гуманитарлық жүктерді Тәжікстандағы белгіленген жерге жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу