30 тамыз күні Қазақстаннан Душанбеге бидай ұны, ет және сүт консервілерінен құралған, салмағы 1320 тонна болатын, 21 вагон гуманитарлық көмек жетті. Жүктің жалпы құны 1 млн доллар, деп хабарлайды abctv.kz.
Гуманитарлық көмекті тапсыру кезінде Қазақстанның Душанбедегі елшісі Нұрлан Сейтімов Қазақстанның туысқан ел Тәжікстанға жыл сайын көмек қолын созып отыратынын жеткізді.
"Біз Тәжікстан душар болған табиғи апатты көріп-біліп отырмыз және осы оқиғадан кейін халыққа ауыр соғып жатқанын түсінеміз", - деді ол.
2015 жылы Қазақстан бұл елге 4,7 млн доллар көлемінде көмек көрсеткен еді. Ал 2016 жылы 873 мың доллар көлемінде азық-түлік түрінде қол ұшын берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу