Қазақстан Тәжікстанға 30 мың тонна арматура жеткізеді

668

Қазақстан Тәжікстанға 30 мың тонна арматура жеткізеді

Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстан Республикасына сапары шеңберінде "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ мен "Дусти 2017" ЖШҚ Тәжікстан Республикасына арматура жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "KazakhExport" - тың баспасөз қызметі.

Мәміле "Арселор Миттал Темиртау" АҚ шығарған арматураны Рогун ГЭС-нің құрылысы үшін жалпы құны 16 млн АҚШ долларына 30 мың тонна көлемде жеткізуді көздейді. Бұл мәміле "KazakhExport" ЭСК" АҚ қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып іске асырылатын болады.

"KazakhExport" қазақстандық экспорттаушыға экспорттық сауданы қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау көрсетеді. Яғни "KazakhExport"-тың арзан қаржы түріндегі құралдарын пайдалану есебінен экспорттаушы төлемді уақтылы алады, импорттаушы – төлем мұрсатын алады", - деп түсіндірді "KazakhExport" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Руслан Искаков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу