Қазақстан Тәжікстанға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту тәжірибесін тапсырмақшы

269

Электрондық үкімет платформасының жүйелерін беру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Қазақстан Тәжікстанға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту тәжірибесін тапсырмақшы Фото: pixabay.com

Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша IT шешімдерін Тәжікстанға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Тәжікстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің хабарламасында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Баспасөз орталығының хабарлауынша, екі ел президенттері одақтастық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Сондай-ақ, Тәжікстанның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бойынша қазақстандық тәжірибе аударылып жатыр.

Сонымен қатар, электрондық үкімет платформасының жүйелерін беру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Душанбедегі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ техникалық мамандар тобы Тәжікстанның Индустрия және технология министрлігіндегі әріптестерімен бірлесіп, елдің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инфрақұрылымын және қазақстандық IT шешімдерін енгізу мүмкіндіктерін бағалауда.

Бұдан бөлек, "Ұлттық Ақпараттық технологиялар" АҚ-ның командасы электронды үкіметтің құрамдас бөліктерін Тәжікстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне – "Smart Bridge" қызметтерінің көрмесіне, "Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына", "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесіне  бергені туралы хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу