Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

769

Бірақ әскери контингент жіберу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан Тәжікстанға тиісті келісім күшіне енгеннен кейін әскери-техникалық көмек көрсетеді, деп хабарлады Inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" сілтеме жасап.  

"Тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен әскери-техникалық көмек көрсетіледі. 2021 жылдың сәуір және шілде айларында осыған қатысты келісімдерге қол қойылды. Қазіргі уақытта оларды күшіне енгізу бойынша жұмыс атқарылып жатыр", – деп жазылған Қорғаныс министрлігінің агенттікке берген жауабында.

Бірақ Тәжікстанға әскери контингент жіберу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. 

"Қарулы Күштерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Парламенті тараптардың ресми өтініші бойынша қабылдайды", – дейді министрліктен.

2021 жылғы маусымда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сайтында Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімнің жобасы жарияланған еді.
Келісім жобасы бойынша, Қазақстан Тәжікстанға 5,45 миллиметр калибрлі 3 миллионнан астам патрон, 23 миллиметр калибрлі 20 мыңнан астам патрон және минаатқышқа арналған 82 миллиметр калибрлі 10 мың оқ-дәрі жіберілмек.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу