Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Аталған келісім 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында жасалды.
"Келісімге сәйкес Тәжікстан тарапы Қазақстаннан берілетін әскери мүлікті тек тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдануға және оларды үшінші тарапқа бермеуге міндеттенеді", - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев 25 қарашада Сенаттың жалпы отырысында.