Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Асқар Тәжібаев Қазақстан Республикасынның гуманитарлық көмегін тәжік тарапына ресми табыстау рәсіміне қатысты.
ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, Тәжікстанға 5000 (бес мың) тонна жалпы алғанда 83 цистерна жылыту мазуты жеткізілді.
Осы жүк туралы куәлікті елші Тәжікстан үкіметі жанындағы мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевқа тапсырды.
Елші Асқар Тәжібаев өз сөзінде Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстанның халқына гуманитарлық көмек көрсетіліп келе жатқандығын және оның жалпы сомасы 2006 жылдан бері 37 млн АҚШ долларынан асқанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу