Тәжікстан Статистика агенттінен мәлім еткендей, 2024 жылы ресми Душанбе әлемнің 121 елімен сауда-саттық жасады.
Қамтылып отырған аралықта экспорт 20,5%-ға кеміп, 1,94 млрд доллар болды. Ал импорт 19,2%-ға артып, 7 млрд доллардан асты.
Бұл ретте тәжікстандық тауарлар экспорты негізінен Қытай (жалпы көлемнің 21,1%), Швейцария (19,4%) және Қазақстанға (10,1%) бағытталып жатыр.
Тиісінше, былтыр ресми Душанбе Ресей (26,9%), Қытай (22,1%) және Қазақстаннан (15,6%) импортты 1,5 есе арттырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу