Қазақстан театрларында балаларға арналған қойылымдарға 560 мыңға жуық көрермен жиналды

344

Жыл басынан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 мыңға жуық спектакль сахналанды.  

 Қазақстан театрларында балаларға арналған қойылымдарға 560 мыңға жуық көрермен жиналды Фото: 178.ru

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан театрларында балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 948 спектакль қойылып, оларды 559 885 көрермен тамашалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балаларға арналған репертуарды жас көрермен, қуыршақ және жастар театрлары тұрақты түрде жаңартып келеді. Сахнада классикалық және заманауи шығармалар, халық ертегілері желісіндегі қойылымдармен қатар, тәрбиелік әрі танымдық спектакльдер ұсынылады.

Жас көрермен театрлары балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар арқылы достық, жауапкершілік, таңдау жасау және ұлттық мәдени мұраны құрметтеу секілді құндылықтарды насихаттауға басымдық береді.

Қазақстандық балалар спектакльдері халықаралық фестивальдерде де жоғары бағаланып жүр. Биыл Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының "Ұлпан" қойылымы Бішкекте өткен "ART-ORDO" халықаралық театр фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар спектакль "Үздік сценограф", "Үздік ер адам рөлі" және "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" аталымдары бойынша марапатқа ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу