Астана мен Алматы қалаларында 8-14 қазан күндері Techstars халықаралық акселератор аясында алғашқы ғаламдық стартап-апта өтеді, деп хабарлайды ТДҰА баспасөз қызметі.
Жобаны ұйымдастырушылар: Бизнес-инкубатор MOST, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік", IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі Astana Hub, Астана қаласының әкімдігі, “Astana Innovations” АҚ, Бизнес-инкубатор BeinTech, НКО Zhaina Woman.
Techstars Startup Week бүкіл әлемнің түрлі қалаларында өтеді және жас кәсіпкерлерді, жергілікті көшбасшыларды және талантты адамдарды жергілікті бизнес-қоғамдастықты дамытуға және қатысушыларының өзара әрекеттестігі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға біріктіреді.
Іс-шара Қазақстанның стартап экожүйесінің барлық қатысушыларын кездесулер, дәрістер, пікірталастар өткізу арқылы біріктіреді. Startup Week Qazaqstan келесі бағыттардан тұрады: FinTech, Smart City, Экожүйелер, Entrepreneurship, Ақпараттық технологиялар (IT), Әйелдер кәсіпкерлігі, Корпоративтік инновациялар.
Бір аптаның ішінде еліміздің екі мегаполисінде 10 түрлі алаңда 30-дан астам іс-шаралар жоспарланып отыр. Әр бағыт бойынша оқытулар, нетворкинг, байқаулар және басқа да шаралар түрінде жеке іс-шаралар өткізіледі.
Өткен жылы 80-нен астам ел Techstars Startup Week өткізді. Бір апта ішінде жетекші жергілікті және халықаралық сарапшылар тәжірибе алмасып, білім беру іс-шараларын жүргізеді. 2017 жылы бүкіл әлем бойынша 100 мыңнан астам кәсіпкер Startup Week қатысушылары болды.