Қазақстан тек БҰҰ-ның аса қауіпсіз бітімгершілік миссияларына қатысатын болады – ҚР СІМ

988

Қазақстан тек БҰҰ-ның аса қауіпсіз бітімгершілік миссияларына қатысатын болады – ҚР СІМ

Қазақстан тек  БҰҰ-ның қауіпсіз бітімгершілік миссияларын таңдайтын болады, деп мәлім етті сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазып отыр
"БҰҰ-ның миссияларына (бітімгершілік – ИФ-Қ)  қатысу мәселесін қарау барысында әскерилеріміздің қауіпсіздігі секілді маңызды факторды есепке аламыз. Яғни, біз аса қауіпсіз миссияларды таңдайтын боламыз", – деді ҚайратӘбдірахманов дүйсенбі күні парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында.
Ол "Бітімгершілік қызмет туралы" заң Қазақстанда  2015  жылдың маусымында қабылданғанын тілге тиек етіп өтті.
"Аталған жұмыс Конституцияда және "Бітімгершілік қызмет туралы"  Қазақстан заңында жазылғандай парламентпен тығыз іс-қимылда жүзеге асырылады", – деп атап өтті сыртқы істер министрі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу