Николай Радостовец: "Қазақстан темір жолы" АҚ-ға реформа жүргізу қажет

930

Бүгінде көмір өндірушілер өнімін темір жол арқылы тиісті орындарға жеткізе алмай отыр. Сондықтан "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында реформа жүргізу керек. Бұл туралы Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Николай Радостовец: "Қазақстан темір жолы" АҚ-ға реформа жүргізу қажет

Оның пікірінше, ұлттық компания өз міндетін тиісті деңгейде атқара алмай отыр.

"Қазақстан темір жолы" АҚ міндетті түрде тауарларды елдің ішінде және сыртқы мемлекеттерге жеткізуі тиіс. Бірақ биыл жазда біз көмірді жылу электр станциялары мен тиісті орындарға жеткізе алған жоқпыз. Бізде көмірді сыртқы елдерге жеткізуде шешілмеген мәселелер бар", – деді атқарушы директоры Astana Mining & Metallurgy 11-тау-кен металлургиялық конгресі аясында өткен көмір форумында.

Осыған байланысты ол үкіметтен көмек сұрады.

"Көмірді не істейміз? Оған сұраныс жоғары. Сондықтан үкіметтен осы мәселеге назар аударуын сұраймыз. Біздің ойымызша, "Қазақстан темір жолы" АҚ-ға реформа жүргізу керек. Оның жұмысы тиімді болуы шарт. Салада бәсекелестік болғаны жөн. Локомотиві мен вагондары бар жеке кәсіпкерлерді тарту керек. Біз бұл мәселені шешпеуіміз керек. Біздің міндетіміз – көмір өндіріп, келісімшартты орындау", – деді Николай Радостовец.

Атқарушы директор аталған мәселеге байланысты көмір өндірушілер экспорттық келісімшартты орындай алмай отырғанын жеткізді. 

"Қазір көмірге Еуропа және Азияда да сұраныс жоғары, ол сатылып жатыр. Салдарынан мемлекет жалпы өнімдің бір бөлігінен және қомақты салық түсімдерінен айрылып отыр. Біз бұл мәселеге мемлекет назар аударуы қажет", – деді басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу