"Қазақстан темір жолы" басшысы Алматы облысына іссапармен барды

1288

Сауат Мыңбаев "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА нысандарын аралады.

"Қазақстан темір жолы" басшысы Алматы облысына іссапармен барды

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА нысандарымен танысты. Ол "Қорғас" ШЫХО, "KTZE – Khorgos Gateway" Құрғақ портына және Алтынкөл станциясына барды, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы , деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Алтынкөл станциясында компания басшысы жергілікті инфрақұрылыммен, контейнерлік пойыздарды өңдеудің технологиялық процестермен танысты.

2018 жылы Алтынкөл-Қорғас шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі 2709 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылғыдан 66% артық. 916 контейнерлік пойыз жөнелтілген, жөнелтілім 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артқаны байқалады..

"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА әкімшіліктік ғимараты мен Құрғақ порт нысандарын аралау барысында РСS жобасы, Номад, жүйесі, мониторингілік орталық, сондай-ақ East Gate Partners, Verno, "Феникс Фид Миллс" ЖШС, Hubei Kelison инвестициялық жобалары таныстырылды.

"Қорғас" ШЫХО  компания басшысына орталық нысандарын салу барысы туралы ақпарат беріліп, сонымен бірге қазіргі кездегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды.

"Қорғас" ШЫХО жұмысын бастағалы бері инвестициялық нысандар құрылысын жүргізуге 21 келісім-шарт жасалды, инфрақұрылымдық нысандарды қоспағанда жер учаскелерінің аумағы 113,5 гектар, ал ғимараттар алаңдары 805,4 мың шаршы метр.

ҚТЖ басшысы сондай-ақ Нұркент қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу жайынан  хабардар болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу