"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 1,604 млрд юань көлемінде қарыз алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компания инвесторларға жыл сайын 4,2% сыйақы төлейді. Бұл қадам ҚТЖ-ның 2050 жылға дейін жалғасатын ірі қарыз алу бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бағдарламаның жалпы көлемі 2,246 трлн теңгеге (шамамен 4,6 млрд доллар) дейін жетеді.
Алынған қаржы жаңа теміржол желілерін салуға және пойыздар мен вагондарды жаңартуға бағытталмақ.
Айта кетейік, ҚТЖ 2011 жылдан бері акцияларын биржаға шығару (IPO) жоспарын бірнеше рет мәлімдегенімен, бұл жоспар әлі жүзеге асқан жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу