"Қазақстан темір жолы" компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды

424

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры хабарлады.      

"Қазақстан темір жолы" компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды Фото: t.me/samrukkazynaofficial

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Отыншиев Елжас Мұратұлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтының "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

2009–2019 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.

2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу