"Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысы пойыздардың кешігу себебін түсіндірді

218

Соңғы жылдары темір жол жөндеу жұмыстары жиі жүргізілген. 

"Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысы пойыздардың кешігу себебін түсіндірді Фото: gov.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев пойыздардың кешігу себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағымдар көбейіп кетті. Қандай шара қабылдап жатсыздар?", – деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Ұлттық компания басшысының сөзінше, бұл мәселе мекеменің ерекше бақылауында тұр.

"Осы жағдай жол жөндеу жұмыстарымен және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары жөндеу жұмыстарын екі есе көбейттік. Енді жолаушылардан кешірім сұрап, түсіністікпен қарауларын сұраймыз", – деп қысқа қайырды Нұрлан Сауранбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу