"Қазақстан темір жолы" жоғарғы орындар бағасына жеңілдік енгізуден бас тартты

753

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ пойыз билеттеріне сараланған тариф енгізу жобасынан бас тартатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан темір жолы" жоғарғы орындар бағасына жеңілдік енгізуден бас тартты Фото: lada.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 5 коммерциялық пойызға жоғарғы және төменгі орындар үшін жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырмайтын болды", – делінген "Қазақстан темір жолы" компаниясының сайтында.

Бұған дейін ҚТЖ мына жолаушылар пойыздарында биылғы 1 желтоқсаннан бастап жоғарғы және төменгі орындар әртүрлі бағамен сатылатыны туралы мәлімдеген болатын:

1. №111/112 "Алматы – Маңғыстау";

2. №51/52 "Алматы – Орал";

3. №105/106 "Алматы-Петропавл";

4. №71/72 "Астана-Шымкент";

5. №29/30 "Алматы-Атырау".

Пилоттық жоба 2023 жылғы 28 ақпанға дейін сынақтан өткізілуі тиіс болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу