"Қазақстан темір жолы" жолсеріктердің талабына қатысты пікір білдірді

2085

Олар "Жолаушылар тасымалы" компаниясында жұмыс істемейді.

"Қазақстан темір жолы" жолсеріктердің талабына қатысты пікір білдірді

"Қазақстан темір жолы" АҚ жалақыны көтеруді талап еткен маңғыстаулық жолсеріктердің талабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақтау жолсеріктерінің талабына қатысты пікір білдіреміз. Олар "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметкерлері емес. Еңбекақыны көтеру туралы өз талаптарын білдірген жолсеріктер жеке тасымалдаушы "Сарыарқа компани" ЖШС қызметкерлері болып саналады. Бұл компания "Маңғыстау-Бейнеу" бағыты бойынша жүретін пойызға қызмет көрсетеді", – деп жазылған "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан басқа, теміржол жолаушылар тасымалы нарығында 12 жеке тасымалдаушы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу