"Қазақстан темір жолы" жүк тасымалын ұйымдастыруы барысында жемқорлық схемалары анықталды

539

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сырттай талдау жүргізді. 

"Қазақстан темір жолы" жүк тасымалын ұйымдастыруы барысында жемқорлық схемалары анықталды Фото: inform.kz

Соңғы 5  жылда "Қазақстан темір жолы" мен оған қарасты мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты 139 қылмыстық іс тіркелді, ол бойынша 54 тұлға жауапқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың баяндамасына сілтеме жасап.

"Жүк тасымалын ұйымдастыру барысында жемқорлық схемалар анықталды. Автоматтау жүйесінің болмауы және құқықтық актілердің жетілдірілуінен "Қазақстан темір жолы" шенділері қолдан әкімшілік кедергілер жасап, бизнес өкілдерін вагон алуы үшін пара беруге итермелейді. Мұның барлығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі тергеу жүргізген қылмыстық істер арқылы дәлелденіп отыр" делінген ақпаратта.

Агенттік дерегінше, ай сайын "Қазақстан темір жолы" ел бойынша 400 мыңға тарта жүк тиелген вагонды жүргізеді, сондықтан заңсыз алынған сыйақының  сомасы бірнеше миллиард теңгеге жетуі мүмкін. Компания аясындағы жемқорлық тәуекелдер және әкімшілік барьерлер елдегі бизнестің дамуына кедергі келтіріп, елдің көлі-логистикалық әлеуетінің дамуына ықпалын тигізбейді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі "Қазақстан темір жолы" басшылығымен, қоғам және бизнес өкілдерімен бірге бұл мәселені талқылап, бірқатар ұсыныстар жолдаған. Енді олардың сапалы орындалуы Агенттік тарапынан қадағаланатын болады", делінген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу