"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов ұлттық компания IPO-ға қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан темір жолы" "Самұрық-Қазына" қорымен бірге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. IPO-ны үштік листинг форматында өткізу жоспарланып отыр. Халықаралық алаңдар ретінде Лондон мен Гонконг қарастырылып отыр, сондай-ақ Қазақстан да болуы мүмкін", – деді Талғат Алдыбергенов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Тілшілер спикерден IPO-ға шығу мерзімін нақтылады.
"2026 жылдың соңына дейін", – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов "ҚТЖ" басшысына тапсырма бергенін жазғанбыз.