Қазақстан "Теңдік уақыты" дүниежүзілік науқанына қосылды

493

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Қазақстан "Теңдік уақыты" ұранымен өтетін ЮНЭЙДС Бүкіләлемдік науқанына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан "Теңдік уақыты" дүниежүзілік науқанына қосылды Фото: gov.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) "Теңдік уақыты" дейтін науқанды іске қосты. Осы арқылы барша адамзатты ЖИТС-ты жою барысында дәлелденген практикалық шараларды жүзеге асыруға шақырып отыр. Олардың ішінде: АИТВ-инфекциясының алдын алу, тестілеу, емдеу үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, осылайша әрбір мұқтаж адам қажеттінің бәрімен қамтамасыз етіледі. "Теңдік уақыты" –  АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен негізгі топтардың өкілдерін стигма мен кемсітушілікке қарсы тұруға шақыратын ұран. Егер АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеуді мемлекет қамтамасыз етсе, онда стигма мен кемсітушілікке ағартушылық, білімді насихаттау және төзімділік арқылы қарсы тұруға болады.

"Бүгінде "АИТВ-инфекциясы" диагнозы өлім-жітімге душар ететін дерт емес. Қазіргі заманғы медицинаның жетістіктерінің арқасында ДДҰ АИТВ-ны созылмалы жұқпалы ауру деп анықтады. АИТВ-ахуалды адамдар (АӨА) антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдай отырып, ұзақ және сапалы өмір сүре алады, отбасылары мен дені сау балалары бола алады. БҰҰ-ның 2021 жылғы Саяси декларациясының мақсатын және ЮНЭЙДС-тің 95-95-95 мақсаттарын орындау шеңберінде Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87 пайызы өздерінің АИТВ-ауалды екенін біледі, олардың 81-і АРТ қабылдайды, 85 пайызы вирустық жүктемені төмендетеді", –  дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Асылхан Әбішев.

АИТВ-ға тестті өңірлік ЖИТС орталығында немесе тіркелген жері бойынша емханада құпия, жасырын, тегін негізде тапсыруға болады. Оған қоса жыл өткен сайын елімізде ЖИТС орталықтарының зертханаларын заманауи жабдықтармен жабдықтау жақсарып келеді. 2021 жылы аймақтық ЖИТС орталықтарының 15 зертханасы ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қордың қолдауымен автоматтандырылған ПТР жабдықтарын сатып алды

Дүниежүзілік науқан аясында "Теңдік уақыты" ұранымен еліміздің барлық өңірлерінде ҮЕҰ-мен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізіледі: акциялар, челлендждер, АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы халықтың білімін арттыруға, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілікті еңсеруге бағытталған тренингтер. 1 желтоқсанда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі барлық орталықтарда ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу