Қазақстан теңіз порттары арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалын арттырмақ

1168

Ел билігінде осындай жоспар барын ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов айтып өтті, деп хабарлайды inbusinnes.kz.

Қазақстан теңіз порттары арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалын арттырмақ

"Контейнерлердің транзиттік тасымалының негізгі бөлігі Қытай – Еуропа – Қытай бағдарына тиесілі. Осынау негізгі бағдар бойынша жүк тасымалы 2020 жылы 5 есе артып, 2016 жылғы деңгейден асып кетті. Сонымен қатар Қытайдан Ресейге және осы бағытта кері баратын жүк тасымалы да 69 пайызға артқанын атап өту керек. Қытайдың Орталық Азияға жіберетін жүктері де жыл санап артып келеді. Жыл басынан бері бұл бағытта өсім 31 пайызды құрады", - деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ алаңында.

Оның айтуынша Қазақстанның теңіз порттары арқылы Кавказ елдері, Иран және Түркияға транзиттік жүк тасымалын арттыру көзделіп отыр.

"Биыл болашағы зор Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалы 2,3 есе артқаны байқалады. Бұл жүк Қытай арқылы Қазақстан, Каспий теңізі акваториясын, Әзербайжан, Грузия мен Түркияны басып өтіп, Еуропаға жөнелтіледі", - дейді ол.

Аян Бекенұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу