Қазақстан теннис федерациясы мәлімде жасады

1124

Қазақстан аумағында өткізілетін барлық турнирлер белгісіз уақытқа шегерілді.

 Қазақстан теннис федерациясы мәлімде жасады

Халықаралық теннис федерациясы 2020 жылдың 12 наурызы мен 20 сәуірі аралығында өтуге тиіс турнирлерді коронавирустың белең алуына байланысты кейінге қалдырған болатын. Осыған орай, Қазақстан теннис федерациясы мәлімде жасады, деп хабарлайды olympic.kz.

"Біз серіктестерімізбен және өзге де тараптармен, аймақтық және ұлттық қауымдастықтармен тығыз байланыстамыз. Қазіргі жағдай реттелген бойда, жарыстарды қайтадан өткізе бастаймыз. Споршылардың қызметкерлер мен жанкүйерлердің денсаулығы біз үшін маызды. Әзірге COVID-19 қашан ауыздықталатынын айту мүмкін емес. Бірақ біз жағдайды бақылауда ұстаймыз", –делінген Халықаралық федерацияның хабарламасында.  

Аталған жағдайға қатысты Қазақстан теннис федерациясы да Қазақстан аумағында өткізілетін барлық турнирлерді белгісіз уақытқа шегерді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу