Теннисші Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева Мысырда өткен J500 ITF Juniors турнирінің жұптық сында жеңімпазы атанды.
Недовесов Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела мен аргентиналық Гвидо Андреоццимен сынға түсті.
Бірінші партияда Недовесов пен Эскобар екі брейк жасап, 6:2 есебімен басым түсті.
Есесіне екінші сетте мексикалық теннисші мен аргентиналық спортшы дуэті 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін АНедовесов пен Эскобар қатарынан алты геймді жеңіп, 6:3 есебімен екінші сетті аяқтады.
Енді олардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Дмитрий Попко АҚШ-тың Наплес қаласында жалауы көтерілген ITF турнирінің финалына жолдама алды.
Ол жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркеліп, жартылай финалда әлемдік рейтингіде 442-орында тұрған Доминикан Республикасының өкілі Роберто Сидпен күш сынасты.
Бірінші партияда Попко 3:0 есебімен алға шығып, 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Сид есе қайтарды. Ол 6:4 есебімен жеңді.
Үшінші, шешуші партия Дмитрий Попко бірден брейк жасады. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 5:1-ге жеткізді. Осы есепті ұстап тұрып, матчты 6:2 есебімен аяқтады.
Финалда Дмитрий Попко рейтингіде 649-сатыда тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен кездеседі.
Осымен Флорида штатындағы үшінші турнирде финалға шыққан теннисші бұған дейін екі рет жеңімпаз атанған еді. Соның ішінде 20 ақпанда Палм-Коуст қаласындағы жарыстың финалында А.Андрадені 7:5, 1:6, 7:5 есебімен жеңген болатын. Енді онымен екінші рет ойнайды.
Тағы бір жаңалық, 26 ақпан – 3 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ATP 500 санатындағы турнир болады.
Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Шевченкоға қиын қарсылас тап болды.
Шевченко алғашқы айналымда әлемнің төртінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасады.
Бұл ресейлік теннисшінің биылғы Аустралия ашық чемпионатының финалынан кейінгі алғашқы кездесуі болады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Александр Бублик іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.