Қазақстан тез дайындалатын корей кеспесін әкелуге тыйым салды

907

ҚР Бас санитар дәрігері құрамында соя жоғары тамақ өнімдерін сатуға тыйым салатын санитарлық шектеулер енгізді.  

Қазақстан тез дайындалатын корей кеспесін әкелуге тыйым салды

Еліміздің санитар дәрігерлері Оңтүстік Кореяның тез дайындалатын кеспе құрамында ГМА-ның (ГМО) көп мөлшерде екендігін анықтап, аталған өнімдерді елге алып келуге тыйым салды.

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.

"Мониторинг барысында комитет мамандары "Джин Рамен" тез дайындалатын кеспе ассортиментіндегі Оттоги Рамен Ко кеспесінің құрамында генетикалық түрлендірілген соя сандық құрамының артқанын анықтаған. Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,45%-дан 10,25%-ға дейін. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген қоспалардың құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМА құрамының рұқсат етілген нормасы "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-дан аспайтынын атап өткен жөн", – деп жазылған хабарламада.

Осылайша ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының аумағына тез дайындалатын Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-ы, Пенгтэк-Си, кенги-До, Оңтүстік Корея шығарған кеспелерді әкелуге және өткізуге тыйым салу туралы қаулы шығарды.

Сонымен қатар комитет Қазақстанның тұтыну нарығын қорғау үшін және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарламалар жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу