Қазақстан тікұшақтары неге түн қараңғысында өрт сөндіре алмайды?

237

Шығыс Әрінов бұл жайттың министрлік үшін өте өзекті мәселе екендігін атап өтті. 

Қазақстан тікұшақтары неге түн қараңғысында өрт сөндіре алмайды? Фото: gov.kz

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен өрт кезінде жедел әрекет ететін кезде ТЖМ тікұшақтарының түнде неге ұшпайтынын нақтылап, мәселенің шешіміне сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақпан айында бұл мәселені шешу үшін түнде де ұша алатындай жағдай жасау жөнінде тапсырма берген едім. Бірақ, қазіргі таңда екі қиындық туындайды. Біріншісі - ұшқыштарды оқытудың қымбатқа түсетіндігі. Екіншісі – тікұшақты қажетті құрылғылармен жабдықтау. Осы екі мәселені Қазавиақұтқару акционерлік қоғам болғандықтан коммерциялық ұшулардың арқасында жинаған қаражаты есебінен біртіндеп шешіп жатыр. Бүгінде бір ұшқышты дайындадық. Ол нұсқаушы болды. Биыл бір экипаж толық дайын болады. Мәселені жүйелі түрде шешеміз. Бюджетке еш салмақ салмаймыз", - деп жауап берді Шыңғыс Әрінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу