Қазақстан тікұшақтары Түркия Республикасына жетті

916

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамыз сағат 13.25-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тобы Даламан қаласына жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.  

Қазақстан тікұшақтары Түркия Республикасына жетті

Оның құрамында 2 Ми-8 АМТ тікұшағы және орман өрттерін сөндіруге тартылған 16 құтқарушы бар.

 "Түстен кейін өрт сөндіру орындарында барлау мақсатында ұшу жоспарланған. Одан әрі Қазақстанның ТЖМ жеке құрамы Түркия Республикасы ТЖМ жедел штабының қарамағында өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі",-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстанның Түркиядағы өртті сөндіруге тікұшақтар жібергені хабарланды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу