Қазақстан – ТМД-дағы ең қауіпсіз ел

1024

Ал әлемдік рейтингте 64-орында. 

Қазақстан – ТМД-дағы ең қауіпсіз ел

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2019 жылы әлем экономикасының өсуі 3%-дан 2,4%-ға дейін қысқарған. Бұған елдер арасындағы сауда соғысы мен әлемдегі геосаяси ахуал түрткі болып отырған көрінеді. Сыртқы саяси шиеленіс елдердің инвестициялық белсенділігіне де әсер етуде, деп хабарлайды ranking.kz.

Ескере кететін жайт, тікелей шетелдік инвестициялардың ағымы былтырғы жылдың бірінші тоқсанында 20%-ға қысқарып, 572 млрд доллар болған еді. 

Мемлекеттегі бейбіт жағдай және басқа елдермен қарым-қатынасы ел экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Жаһандық бейбітшілік индексінің дерегіне сүйенсек, өмір сүру үшін ең қауіпсіз елдер болып Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия, Дания, Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия саналады. Ал ең қауіпті елдер қатарында – Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен, Ирак, Ресей. Бұл рейтингіні құру кезінде елдегі зорлық-зомбылық деңгейі, қылмыс, елдің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы, әскерге жұмсалатын қаражаты сынды факторлар ескерілген. Қазақстан бұл тізімде 64-орынға жайғасыпты. 

"Ресей және Еуразия" деп зерттелген 12 ел ішінде Қазақстан 1-орынға табан тіреп, ең қауіпсіз ел атанды. Бұл 12 ел – ТМД-құрамына енетін немесе бұрын енген мемлекеттер. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу