Қазақстан ТМД елдері СІМ басшыларының кеңесіне қатысты

756

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы бейнеконференция форматында өтті.  

Қазақстан ТМД елдері СІМ басшыларының кеңесіне қатысты

Бұл іс-шараға Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. COVID-19 коронавирусының таралу салдарына қарсы әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Тараптар қатысушы-мемлекеттердің қауіпсіздік пен гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдерді келісті. Отырыс қорытындысы бойынша 2020 жылға ТМД шеңберінде көп деңгейлі СІМ-аралық консультациялар жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің қорғаныс, қауіпсіздік, мәдениет, спорт, білім және жастар ынтымақтастығы саласындағы халықаралық шарттар мен шешімдердің жобалары мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу