Қазақстан ТМД елдерінде дербес деректермен алмасу туралы келісімді ратификациялады

1286

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

 Қазақстан ТМД елдерінде дербес деректермен алмасу туралы келісімді ратификациялады

"Мемлекет басшысы "Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – деп жазылған хабарламада.

"Бұл келісім арқылы ТМД елдерінде азаматтықтың болуы-болмауы, жеке басты куәлдандыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және оларға берілген визалар, жылжымайтын мүлік немесе мүліктік сипаттағы міндеттемелер, қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады. Аталған құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді", – деген болатын Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу