Қазақстан ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесіне төрағалық етеді

1337

Қазақстан 2022 жылы ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесіне төрағалық етеді. Сондай-ақ елімізде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесіне төрағалық етеді

Мұндай шешім биыл Арменияда өткен ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірауыздан қабылданған. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Беларусь, Тәжікстаннан кеңес мүшелері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері мен басқа да шақырылған тұлғалар қатысқан.

"Отырыста күн тәртібіндегі 19 мәселе талқыланды. Қатысушы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы бойынша мемлекетаралық бағдарламалар мен жоспарлары бекітілді. Енді мемлекеттер білім алушылар және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер арасында өзара алмасу бойынша жұмысты кеңейтіп, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты арттырады, сонымен бірге білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың мемлекетаралық бағдарламаларын жасасады. Сондай-ақ интернет-ресурстарды пайдалана отырып, мемлекетаралық ақпарат алмасу ауқымын кеңейту, білім беру бағдарламаларын ілгерілету бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды", – дейді Қазақстанның атынан барған ҚР БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу