Қазақстан ТМД-ның мемлекетаралық валюта комитеті туралы 1995 жылғы келісімінен шықты

796

Құжат күшіне енді.

Қазақстан ТМД-ның мемлекетаралық валюта комитеті туралы 1995 жылғы келісімінен шықты

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мемлекетаралық валюта комитеті туралы 1995 жылғы келісімінен шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2013 жылғы 25 қазанда Минскіде жасалған 1995 жылғы 26 мамырдағы мемлекетаралық валюта комитетін құру туралы келісімнің тоқтату туралы хаттама бекітілсін", – деп жазылған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Құжат күшіне енді.

Комитет валюталық-төлемдік және кредиттік қатынастар саласындағы көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға жәрдемдесу, көпжақты есеп айырысу және кредиттік қатынастарға қатысты валюталық заңнаманы жетілдіру, ТМД-ға мүше мемлекеттердің төлем одағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің ақша-кредит және валюта саясатын үйлестіру нысандары мен әдістерін дамыту, сондай-ақ келісілген міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу